Отандық әнші жасы қырықтан асса да, жас жігіттерді өзіне қалай ғашық ететінін айтты

Фото әншінің Instagram желісіндегі парақшасынан алынды

Танымал әнші Карина Абдуллина жасы қырықтан асса да, өзіне жас жігіттер ғашық болатынын айтты.

Ол Аллаға өзіне берген артықшылықтар мен жақсылықтары үшін алғыс айтып, жасандылықтан бойын аулақ ұстайтынын жеткізді.

Instagram желісіндегі парақашсында әнші оқырмандарына ағынан жарылды.

Естеріңізге салсақ, бұдан аз уақыт бұрын әнші жанармай бекетінде жанарлары түйісіп, бір көргеннен ғашық болған жігітпен көңіл жарастырып жүргенін мәлімдеген болатын.

Карина сүйіктісінің туыстарымен танысып, олар бүгінде бақытты жұпқа айналған.

«Мен ернімді үлкейтпеймін, қасыма татуаж жасамаймын, төсім де өзімдікі, жасанды кірпік жабыстырып әуре болмаймын. Диеталар ұстап, өз-өзімді қинамаймын, соңғы сән үлгісімен емес, өзіме не ыңғайлы, соны киемін. Маған жас жігіттер ғашық болады, маған бұл ұнайды. 

Ән жазып, оларды орындаумен айналысамын. Картамен бал ашу арқылы адамдардың пейіліне дейін біліп аламын. Оларға кеңестерімді аямаймын. Осының бәріне қарап отырып, мен Аллаға сансыз шүкірлік айтамын», — деп жазды ол.

Nur.kz

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий