Отандық спортшы өзінен 13 жас үлкен жігітке тұрмысқа шығып, бір үйдің құнына тең көйлек киді (видео)

Фото: Instagram

Қазақстандық гимнаст Анна Алябьева тұрмысқа шықты. Ол үйлену тойында құны үш бөлмелі пәтердің құнына тең көйлек киген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьеваның үйлену тойы 30 сәуірде Алматыда өткен.

Салтанатты кештің видеосы белгілі отандық дизайнер Наиль Байкучуковтің Instagram парақшасында пайда болды. Қалыңдық көйлегінің авторы да дәл осы дизайнер.

Спортшы Анна Алябьева өз тойында үш киім ауыстырған. Тойды жүргізген асаба қалыңдық көйлегінің бағасы үш бөлмелі пәтерді құнымен теңесетінін айтып, жұртты құлаққағыс етті.

Аннадан 13 жас үлкен спортшы қыздың жары 36 жаста. Есімі — Нұрлан. Екеуі Астана мейрамханаларының бірінде танысқан екен.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий