Отандық MuzLife телеарнасында тікелей эфирде жын-шайтандарды қуған жүргізушілер көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
«Соңына дейін қараңыздар, көз тию, қарғыс, тұмаудан арылтып, жақсы энергиямен қуаттандырады. MuzLife, бұл қай әзіліңіз», — деп жазған instagram желісінің islam_zik парақшасы.
Видеоны тамашалағандар бұл жайтты әзілге айналдырып, теледидардағы бақсылардың әрекетін сынға алған.
«Бұлардың ақыл-есі орнында ма?», «Бәлкім мені де жұмысқа аларсыздар, олардан артық айқайлап, қол сермей аламын», — деп жазған пікір қалдырушылар.