Отандық журналист қазақ қыздарынан тоқал алғысы келген түрік әншісін орнына қойды

Фото желідегі парақшадан алынды

Танымал журналист Асхат Садырбай «қазақ қызын тоқалдыққа алғым келеді» деп жар салған түрік әншісі Бурайға қатысты өз пікірін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Өзге елдің әншілерін елге әкеп төбемізге көтереміз, ал, олар білгендерін істейді. Онысы аздай қазақ қыздары ұнады, әдемі екен, тоқал қып аламын деп жаһанға жар салады. Ал, біздің намыссыздар, арсыздар оларды әкелуін, басты арналардан эфир берулерін тоқтатпайды. Қайта керісінше үдетеді», — деп жазды ол.

«Шығаратын болсақ өзімізде өнерпаз жоқ па, өзімізде әнші жоқ па? Өзіміздікілерге эфирдің бір секундын қимайтын, қиса да пәлен мың сұрайтын «қамқоршылар» асын ішіп, аяғына т…п кетіп жатқан өзгелерге неге екені жұмбақ, бәрін үйіп-төгеді. Олар қай мемлекеттің мүддесіне, қай ұлттың болашағына қызмет етіп жатқандықтарын біле ме екен?

Иә, біз көпұлтты, қонақжай xалықпыз, бірақ ешкім есіктен кіріп төр менікі демеген. Біздің бір әншіні шетелге, немесе мейлі, мынау тұрған Өзбекстан, Қырғызстанға апарып көріңізші төбесінде тайраңдатпақ түгілі, маңына да жолатпайды. Әйтпесе олар да көпұлтты, олар да қонақжай», — деді ашынған ол.

Еске салсақ, бұған дейін танымал түрік әншісі қазақ қыздарынан тоқал алғысы келетінін айтып, ағынан жарылған болатын.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий