Отбасылы еркекке ғашық болған Ділназ Ахмадиева қыздарды тоқал болмауға шақырды

Әнші Ділназ Ахмадиева әйелі бар еркекке ғашық болғаны туралы айтты. Отбасылы жан болғандықтан қарым -қатынасымызды тоқтатуға тура келді деген Ділназ, тоқал болудың қажеті жоқ екенін айтты деп хабарлайды Gakku.Fm радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

«Менің отбасылы, балалары бар сүйіктім бар. Сол себепті біз бірге бола алмадық. Кейде басталмай жатып аяқталатын хикаялар болады, себебі олардың басталуына да болмайды. Ол адамдар айтатын бір сәттік ермек емес, үлкен сезім болды.

Мен жағдайды және ол адамды жібердім. Бақытыма орай, ол да мені жайыма қалдырды. Барлығы менің даналығымның арқасында. Менің өмірлік принціпім: менікі емес нәрсе, маған тиесілі бола алмайды. Мен ондай құрбандыққа бара алмаймын»,- деді Ділназ.

Әнші қыздарға өзгенің отбасының шырқын бұзып, тоқал болудың қажеті жоқ екенін айтты.

«Тоқал болудың керегі жоқ, қыздар, жалғыз болыңыздар. Өзгенің отбасын бұзуға болмайды, арты жақсылыққа әкелмейді«,- деді ол.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий