«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!»: Шымкентте полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында өткізіліп жатқан іс-шара аясында қала аумағында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларымен тұрғындар көп шоғырланған орындарда профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, сенім телефондары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратуда.

Мәселен, Қаратау ауданы Полиция басқармасының әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Назым Аярбекова орталық кітапханада және ауданға қарасты №3 емханаға арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Абай ауданы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Гүлвира Бектемисова Металлургтер саябағында профилактикалық жұмыстар атқарды.

Бұдан өзге Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, жолдасынан зәбір көрген. Аталған арыз бойынша Еңбекші ауданы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры А.Турехан мен учаскелік полиция инспекторы тиісті мекенжайға барып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаға құқықтық көмек көрсетті, сондай-ақ «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жәбірленушінің арызы бойынша құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий