Ойлай берсең, ой семіз…..

Мінсіз  өмір жоқ, бірақ мінсіз сәттер бар.
Сіз көңіл-күй, сезіміңіз бен ықыласыңыз еркіндікте болып,  араласатын адамдарыңызды сақтаңыз, аялаңыз!
Орындалуы мүмкін емес деп көрінгенімен,  шын сіз тілегіңізді армандаңыз, Армандардың орындалатын қасиеті бар.
Әйел затын аялап және жақсы көрген жерде ғана отбасы ошағы лаулап жанады, бықсымайды.
Адам бәрін керісінше жасайды . Есейгенше асығады, кейін өткен  балалық шағын еске алып күрсінеді. Ақша үшін денсаулығын жоғалтады және сол ақшасын жоғалтқан денсаулығын түзеу үшін шашады. Болашағын тағатсыздана ойлайды, бүгінгі күніне селқос қарап, соның арқасында  не бүгінгісі, не болашағы болмайды. Ешуақытта өлмейтіндей өмір сүреді және ешқашан өмір сүрмегендей өледі. Пауло Коэло
Бәрі ойлайды, уақыт келеді деп, ал уақыт болса тек өтеді.
 Еш уақытта қолыңыз бос болмасын, жұмысбасты болыңыз. Бұл жер бетіндегі ең әсері күшті және ең арзан дәрі. Дейл Карнеги
Өмір барлығын өз орындарына қояды және кім де болсын әр кім болатын жерінде болады.  Біздің     жадымызда мәңгі қалатындар, ешуақытта ұмытуға жазылмағандар.
Таңдау жоқ? Олай демеңіз! Біз тек ата-аналарымызды ғана таңдай алмаймыз. Ер азаматтарымызды, қарым-қатынасымызды және жұмысымызды өзіміз таңдаймыз.
Өмір-ол үш күн:кеше, бүгін және ертең. Кеше –ол өтіп кетті, енді ештеңе өзгерте алмайсың, ертең әлі келген жоқ және болмауы да мүмкін. Сол себепті бүгін  өкінбейтіндей  лайықты әрекет жаса.
Егер барлығын ішіңде ұзақ сақтайтын болсаң , қайнау деңгейіңе жеткен кезде,  іштегі «жарылыс»  та күшті болады.
Денесін шынықтыруға уақыт таппаған, оны міндетті түрде өз ауруларын емдеуге жұмсайды.
Казірден дайындық жасаңыз. Жаңа жылда өз шкафыңыздан, басыңыздан, өміріңізден қажетсіз нәрселерді лақтырып тастаңыз.
Ашу, ыза-ол уды  өзі қабылдап алып,  біреу өледі деп күтумен пара-пар.

Рабига Сыргабаева
Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий