Отандық продюсер Баян Мақсатқызын жұрт тағы сынап тастады. Бұл жолы олар христиандардың Пасха мейрамына арнап арнайы тәттілер пісірген оның кіші қызы Айаруға сын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
Баян Мақсатқызының кіші қызы мен анасы. Фото продюсердің Instagram парақшасынан алынды
Ол желіге қызы мен анасының суретін жүктеп, Айарудың арнайы Пасха мерекесінің тәттілерін пісіргенін жазған. Алайда бұл жазбаның астына қалдырған желі қолданушыларының пікірі оның ашуына тиді.
Баян Мақсатқызының кіші қызы мен анасы. Фото продюсердің Instagram парақшасынан алынды
Желідегілер оның бұл ісіне наразы болып, одан қай дінді ұстанатанын сұраған.
Ашуланған Баян: «Біз тіпті мереке кезінде де бір-бірімізді жұлып жеуге дайынбыз. Неткен сауатсыздық. Бала жай ғана тәттілер пісірді ғой», — деп жазды ол.