Павлодар түрмесінде жазасын өтеуші азаптаудан қаза болған

Қазақстанның Павлодар қаласындағы абақтыда жазасын өтеп жатқан адам сотталушылардың бірінің қолынан қаза болған. Бұл туралы облыстық жазаларды атқару департаменті хабарлады.

Мекеме басшысы Әділет Мұстафиновтың айтуынша, адам өлтіргені үшін сотталған 44 жастағы азамат сотталушының бірімен ерегісіп, оны қатты сабап тастаған. Нәтижесінде азамат алған жарақатынан көз жұмған.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға 8 мамыр күні кешкісін түрменің санитарлық жайында болған. Жәбірленуші мекеме басшылығына медициналық көмек сұрап қайрылған емес. Ертесінен алған жарақатынан қаза болған.

Жергілікті басылымдар марқұм кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлады деген айыппен сотталып, Павлодардағы түрмеге жақында ғана жеткізілгенін хабарлап жатыр.

Департамент бұл оқиға бойынша тергеу істері басталғанын, «аталған абақтыға тергеу тобы, прокуратура, қауіпсіздік қызметінің, жазаларды атқару департаментінің және қоғамдық бақылау комиссияның өкілдері кеткенін» хабарлады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий