Павлодарда шамамен 11-12 жастағы бала трамвайдың астына түсті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Трамвай басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, оқиға бейсенбі күні 19.00-19.30 кезінде болған. Трамвайдың рөлінде әйел адам отырыпты.
Әйелдің сөзіне жүгінсек, жаяу жүргіншілер өтетін жерден 50 метрдей бұрын, жолда тұрған баланы көріп қалады.
«Жүргізуші трамвайды тоқтатып, бала жолдан шығады. Трамвай қайта жүргенде, бала вагоннның астына түскен», — деп хабарлады трамвай басқармасы.
Бала ауруханаға жатқызылды. Не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз.