Фото: baq.kz
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Гагарин көшесі, 84 үйден төрт бөлмелі пәтерді Шарбақты ауданындағы «Победа» шаруа қожалығының басшысы Александр Поляков өз қаражаты есебінен сатып алып, жетім балаларға сыйға тартқан.
Мұнда енді Ілияс Кенин, Ислам Қазыков, Иван Агеев және Эльдар Шолохов есімді азаматтар тұрады. Олар бұған дейін Павлодар қаласындағы «Жас ұрпақ» жастар үйін паналаған. Бұл жігіттердің жасы 23-тен асып, өздігінен өмір сүре алатын ересектер қатарына қосылған.
Фото: baq.kz
Дегенмен бас сауғалар жері болмаған соң оларға демеуші тарту арқылы қолдау көрсетілуде Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтың айтуынша, қазір мемлекет тарапынан берілетін пәтер кезегінде тұрған жастар уақыты келгенде тұрақты баспанаға қол жеткізеді.
Фото: baq.kz
«Бұл облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Берковскийдің бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Өңірімізге танымал кәсіпкер Александр Владимирович бұл идеяны бірден құптап, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ата-аналары және тұрақты баспаналары жоқ балаларға тамаша тарту жасады. Ал, үйдің ішкі жиһаздарын Павлодар мұнай-химиялық зауыты алып берді. Жастар үйінің түлектері бұл үйде мемлекет тарапынан тұрақты баспана берілгенге дейін тұрады. Олардың бірі Ілияс Кенин қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 21-орында тұр. Жақын арада үйлі болады деген үміттеміз. Ол өз үйіне көшкен кезде орынына басқа бала келеді. Болашақта «Жас ұрпақ» жастар үйінен шыққан қыз балаларды да осындай демеушілік жолмен баспаналы болдырсақ деген жоспарымыз бар», — дейді Ернұр Дәуенов.
Фото: baq.kz