Петербургте ұсталған тәжік мигранттарын Ресейден шығармақ

4 мамырда Петербургтің базарында ұсталған 50-ден астам тәжік мигранттарын Ресейден шығаруы мүмкін.

Ресей билігі бұл жайында ақпарат таратпады. Бірақ Озоди радиосына хабарласқан азаматтардың сөзінше, ұсталған ондаған тәжік мигранттарын шетелдіктерді ұстайтын уақытша орталыққа жеткізген.

Құқық қорғау органдары «Интерфакс» агенттігіне мигранттардың заңды бұзғанын айтқан.

«58 мигранттың миграция заңын бұзғаны анықталды. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр. Заңды өрескел бұзғандар Ресейден депортацияланады. Оларға бірнеше жылға елге кіруге тыйым салынады», — деп хабарлайды агенттік.

Құқық қорғаушылар орыс билігі тәжік азаматтарының заңды білмейтінін пайдаланып, олардың құқықтарын өрескел бұзып келеді дейді.

Ресми мәлімет бойынша, осыған дейін 300 мың тәжік азаматы Ресейден депортацияланған. Оларға 3 жылдан 5 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий