Петербургтегі ТМД саммиті: Орыс музейіндегі таңғы ас және сыйлыққа жүзік

Санкт-Петербургте өткен биресми саммитте ТМД елдерінің лидерлеріне жаңажылдық құттықтау ретінде «клуб жүзігі» сыйға тартылды.

Бұл жөнінде Беларусь басшысы Александра Лукашенконың «Пул Первого» телеграм каналында хабарланды.

Жүзікте ТМД белгісі салынған, ішінде «2023 Жаңа жылыңызбен!» деген жазу бар деп жазады «Фонтанка».

Саммитқа Лукашенко мен Ресей президенті Владимир Путиннан басқа Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан президенттері мен Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян да қатысқан.

Биресми саммит 26–27 желтоқсан арасында өтті.

Сейсенбі күні лидерлердің биресми кездесуі Орыс музейінде таңғы аспен жалғасқан.

Александр Лукашенко кездесу барысында біраз мәселелер талқыланып, «көбіне нүкте қойылды» деді. «Минск диалогын жалғастыра береміз, бұл негізінен экономикалық салаға байланысты», — деп Лукашенко сөздерінен сілтеме келтіреді «Интерфакс».

Лукашенко режимі Мәскеудің бас одақтасы болып саналады. Биыл ақпан айында Ресей Киевке Беларусь аумағы арқылы шабуыл жасады. Беларусь армиясының өзі бұл соғыс әрекеттеріне қатыспады.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін батыс елдері Мәскеумен қатар Минскіге де экономикалық санкциялар салды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий