Жолаушыға алғашқы көмек көрсетілгенімен, әйелдің өміріне араша бола алмады.
Петропавлдағы бағдарлы автобус ішінде әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері хабарлағандай, әйел адам сәрсенбі күні №27 бағдарлы автобуста болған.
«Жағдайы күрт нашарлап кетті, жүргізуші бірден ауруханаға алып барғанымен, шамамен 40-тардағы әйелді құтқаруға мүмкіндік болмады», — дейді оқиға куәгерлері.
Әйел адамның құжаттары болмағандықтан, кім екені бірден анықталмаған.
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.
«Әйелдің кім екені сол күні анықталып, туған-туыстарына хабар берілді», — деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.