Республика аумағында ағымдағы жылдың 25-желтоқсан мен 3-қаңтар аралығында жаңа жылдық мерекеде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрі заңсыз айналымдағы сертификатталмаған пиротехникалық заттарды тәркілеуге бағытталған “Пиротехника” жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүріп жатыр.
Аталған іс-шара аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бірлесе отырып рейдтік жұмыстар өткізуде.
Профилактикалық шара басталғалы тәртіп сақшылары пиротехниканы сақтау, тасымалдау мен пайдалану тәртібін бұзған және сертификатталмаған пиротехникалық өнімді сатқан 12 тұлғаны анықтады. Оларға қатысты ӘҚБтК-нің 196 бабымен (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, сертификатталмаған 90 пиротехникалық бұйымдар тәркіленген.
Полиция департаменті пиротехникалық бұйымдарды тиісті лицензиясы мен рұқсаты жоқ тұлғалардың ашық павильондарда, автомобильдерде, шатырларда, өтпелерде сатуына қатаң тыйым салынғаны туралы ескертеді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі