Полиция Гаити президентін өлтіруге тапсырыс берген күдіктінің ұсталғанын хабарлады

Гаити полициясы ел президенті Жовенель Моизді өлтіруді ұйымдастырған адам ұсталды деп мәлімдеді.

«Күдікті Гаитиге саяси мақсатпен жеке ұшақпен ұшып келген», — деді ұлттық полиция басшысы Леон Чарльз. Оның сөзінше, ол — АҚШ-та тұратын 63 жастағы дәрігер Кристиан Эммануэль Санон.

Тергеу ісінің мәліметіне қарағанда, ол Гаитиге маусым айында келген.

Жовенель Моизді жеке резиденциясында белгісіз адамдар 7 шілдеге қараған түні атып кеткен. Шабуыл жасағандар Американың есірткіге қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің формасын киіп алған.

Шабуыл кезінде Жовенель Моиздің әйелі Мартин ауыр жарақат алған. Оны емдеу үшін АҚШ-қа жіберген.

Полиция Колумбияның 15 және АҚШ-тың екі азаматын ұстаған. Үш колумбиялық полиция операциясы кезінде өлтірілген. Қазір сегіз адамға іздеу жарияланды.

Гаити әлемдені ең кедей елдердің бірі. Соңғы күндері Жовенель Моиздің билігіне қарсы акциялар өтіп, президентті жемқорлықпен айыптап жатқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий