Полиция «журналистерге шабуыл ұйымдастырған» күдіктіні ұстағанын хабарлады

Полиция «журналистерге шабуыл ұйымдастырған» күдіктіні ұстағанын хабарлады.

Полицияның айтуынша, күдіктінің аты-жөні – Аркадий Сергеевич (Маневич) Клебанов. Қазақстан азаматы. «Кінәсін мойындаған» күдікті сот санкциясымен «қамауға алынған».

Оған Қылмыстық кодекстің «қоқан-лоқы», «жеке өмірге қол сұғу», «біреудің мүлкін жою», «бұзақылық», «журналистердің кәсіби қызметін атқаруға кедергі келтіру» баптары бойынша айып тағылған.

Тергеу кезінде күдікті «шабуылының мәнін» бірқатар БАҚ-қа бұрыннан «қысастығым болғанынан» деп түсіндірген. Полицияның болжамынша, ол «хакерлерді жалдап», «шабуылды орындайтындарды» іздеген. «Орындаушыларға ақыны криптовалюта арқылы төлеп отырған».

Қазақстанда шабуылға ұшыраған журналистердің кейбірі бір күн бұрын өздерін полицияға шақырып жатқанын, «тапсырыс берушімен» кездестіретінін хабарлаған еді. Кейбірі барудан бас тартқан.

«Власть» басылымы күдікті қазақстандық олигархтың жақыны екенін, ол туралы мақалалар бұрын шыққандықтан, оның БАҚ-қа «өштесуі себебі» белгісіз күйде қалғанын жазды.

Осы аптада ІІМ журналистерге «шабуыл ұйымдастырушы» ұсталғанын, оның «төрт сыбайласы» анықталғанын хабарлаған. Бесеуі де өзге елдің азаматы деп айтылады.

Оның алдында министрлік Алматы мен Астанада «журналистерге шабуыл жасады» деген күдікпен 18 адам ұсталғанын хабарлаған.

Қазақстанда кейінгі кезде журналистерге шабуыл жиіледі. Шабуылға ұшыраған журналистер бұл оқиғалар кәсіби қызметімізге байланысты деп есептейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий