Мексикалық полицейлер қаруды әуретті жеріне жасырған ұрыны ұстап алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әзер қозғалып жүрген ер адам полицияның күдігін тудырған. Олар ұрының әуретті жерінде бір гәп барын сезіп, рентгенге суретке түсіреді.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары ер адамның оларды көре сала қаруды дәл сол жеріне тығып жібергенін түсінген. Полицейлердің бірі қаруды ұрының денесінен жалаң қолымен суырып шығарды.
Бұл жайтты жақтыра қоймаған күдікті тәртіп сақшыларын балағаттап, қарсылық көрсеткен. Оқиға Мексиканың Гвадалахара қаласында болды.