Польша тәжік азаматын Душанбеге беруден бас тартты

ПольшаТәжікстанның 30 жастағы азаматты Душанбеге беруден бас тартты. Сорбон Әбдурахимзоданың туыстарының хабарлауынша, 28 мамырда адвокаттың араласуын оны Варшавадағы әуежайға әкетіп бара жатқан уақытта кері қайтарған.

Сорбон Әбдурахимзода тыйым салынған оппозициялық топтармен байланыс орнатты деген күдікке ілініп, Польша-Украина шекарасында босқындарға арналған лагерьде тұрып жатқан.

Жас жігіттің әкесі Пулоджон Әбдурахимзоданың айтуынша, ұлын Тәжікстанға экстрадициялаған жағдайда оны азаптап, тағылған айыптарды күш қолдану арқылы мойындатуы мүмкін.

Адвокат Әнуар Дека бір апта бұрын Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты да осындай тұжырымға келгенін айтты.

«Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Польша билігін Сорбон Әбдурахимзоданы Тәжікстанға экстрадицияламауға шақырған. Бірақ жексенбі күні таңертең оны бізге беймәлім себептермен әуежайға жеткізген. Біз тез арада Польша билігіне хабарласып, Тәжікстанда оны азаптауы мүмкін екенін түсіндірдік» дейді заңгер.

Тәжік жағының бұған қатысты көзқарасы әзірге белгісіз. Душанбе Сорбон Абдурахмонзодаға нақты қандай айып таққанын да хабарламаған. Сорбонның әкесінің айтуынша, билік баласын әлеуметтік желілерде оппозициялық топ таратқан видеоға «лайк» басқаны үшін айыптап отыр. Сорбонның өзі мұндай айыпты жоққа шығарып отыр.

Сорбонның отбасы Украинада тұрған, Ресей шабуылынан соң Польшаға көшкен. «Ұлым рұқсат алып, балаларымен бірге Германияға өткісі келеді. Қазір оны экстрадициялау ісі тоқтады. Польша соты екі күн ішінде шешім шығарады» дейді Сорбонның әкесі.

2015 жылы Тәжікстан билігі Ислам өркендеу партиясын террористік ұйым деп танып, оған тыйым салған. Содан кейін партияның көптеген мүшесі мен жақтасы шетелге, әсіресе Еуропа елдеріне қашуға мәжбүр болды. Ол елдердің биліктері босқын мәртебесін сұраушылардың барлық арызын қанағаттандырмады. Кейінгі уақытта БАҚ бұл елдерден шығарылған бірнеше адамның Тәжікстанда түрмеге түскені туралы хабарларды жиі таратып жүр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий