Поляк журналисі Агнешка Пикулицканы Өзбекстанға кіргізбеді

Поляк журналисі Агнешка Пикулицка-Вильчевска бір тәуліктен астам уақыттан бері өзбек-қазақ шекарасында тұр.

Журналистің хабарлауынша, өзбек шекарашылары оған елге кіруге тыйым салған. Бірақ ол енді COVID-19 шектеулеріне байланысты Қазақстанға да орала алмай қалды.

Әзірге өзбек жағы шетел журналисін елге кіргізбеу себебін түсіндірмеді.

Тәуелсіз журналист Агнешка Пикулицка-Вильчевска The Guardian, Al Jazeera, The Diplomat және Eurasianet басылымдарына мақала жазады.

Агнешка Пикулицканың хабарлауынша, ол бір тәуліктен бері шекара аймағында аязда тұруға мәжбүр.

Оның айтуынша, 7 қарашада Қазақстаннан Өзбекстанға қайтқанда оны өзбек шекарашылары тоқтатып, елге кіргізбеген.

«Маған Өзбекстанға кіруге ресми түрде тыйым салынған. Әзірге оның себебін білмеймін. Қазір мен шекарада тұрмын, бұл аумақтан тезірек кету керек. Қайда барам, қашан шығам — ол жағы әзірге белгісіз. Оны енді Өзбекстан мен Қазақстанның сыртқы істер министрліктері шешеді», — деді журналист.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий