Помпео Өзбекстанның адам құқықтары саласындағы «жетістіктерін» бағалайды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Құрама Штаттар мен Өзбекстан арасындағы қарқынды дамып келе жатқан әріптестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеп, өзбек билігінің адам құқықтары саласындағы жетістіктерін мақтады.

Помпео 3 ақпанда Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен кездесуден шыққан соң сапар нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Ташкент – оның Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне сапарының соңы.

Помпео Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен де кездесіп, «АҚШ пен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін» өзбек басшысына алғыс білдірді. «Мен Өзбекстанның ашық қоғам орнатуды көздейтін реформаларын жоғары бағалаймын» деп жазды Помпео Twitter’де.

2016 жылы билікке келген Мирзияев реформа бастады. Дегенмен адам құқықтарын қорғаушылар Өзбекстандағы жағдайға көңілі толмайтынын айтып жүр. Мысалы, Freedom House ұйымы Өзбекстанды «еркіндік жоқ» ел қатарына қосты. Freedom On The Net ұйымы зерттеуінде бұл елдің интернет қауымдастығында «қудалау» бар деп жазды.

Помпео Ташкентке Қазақстаннан барды. Астанада ол қазақ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, республиканың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий