Президенттен сөз естіген Бақыт Сұлтановты премьер-министр де аяған жоқ

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Фото: sn.kz

Үкімет отырысында премьер министр Бақытжан Сағынтаев Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа мемлекет қаржысының игерілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды деп хабарлайды Baq.kz.

2016 жылы өңірлерге бөлінген 2 млрд теңге игерілмеген. Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдерінің жұмысын сынға алды. Сөздің бір ұшы Қаржы министріне де тиді.

«Қаржыны алдыңыздар. Кейін барлығын қайтадан жөндей бастайсыздар. Сіз (Бақыт Сұлтановқа – автор) Елбасыдан ескерту алдыңыз ғой. Дұрыстап жұмыс істеңіздер», — деді премьер-министр.

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий