10 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен. Телефон әңгіме Ресей президентінің бастамасымен болған.
Онда екі ел басшысы 28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыс жайлы сөз еткен.
Путин шекарадағы жанжалдың салдарын жою үшін гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген.
Келіссөз қорытындысы бойынша Садыр Жапаров мамыр айында Мәскеуге іс-сапармен баратыны белгілі болды. Онда Еуразия экономикалық интеграциясы туралы сөз болады делінген.
Сонымен бірге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы (ТМД) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі көтерілетіні айтылған.