АҚШ президенті Джо Байден бейсенбі күні Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеседі.
Бұл жөнінде CNN АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Эмили Хорнға сілтеме жасап хабарлады.
Ұсынысты Ресей президенті жасаған. Эмили Хорнның сөзінше, Байден келіскен, себебі Ресеймен мәселеде ең тиімдісі лидерлер арасындағы диалог деп есептейтінін айтқан.
Ұлттық қауіпсіздік өкілі сонымен бірге Байден әкімшілігінің Ресейдің Украина шекарасына әскерін күшейтіп жатқанына байланысты еуропалық әріптестерімен белсенді түрде кеңесіп жатқанын да жеткізді.
17 желтоқсанда Ресей билігі қауіпсіздікке кепілдік бойынша өзінің екі жобасын ұсынған. Бір құжат НАТО-ға, екіншісі АҚШ-қа жолданған. Мәскеудің басты талабы – НАТО-ға Шығысқа әскерін жайғастырудан бас тарту, ең бастысы постсоветтік еллерді ұйымға мүшелікке алмау.
АҚШ билігі егер Ресей Украинаның тұтастығына қол сұққан жағдайда, бұрын-соңды болмаған ең ауыр санкция салынатынын ескерткен.