Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда РФ премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездескенін, онда Владимир Путиннің Ресей, Қазақстан және Өзбекстан бірігіп, үш тарапты одақ құру ұсынысы айтылғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде «Интерфакс» мәлімдеді.
«Бүгін Владимир Владимирович үш тарапты одақ құру жайында айтты. Ол Өзбекстан президентіне қоңырау шалмақ. Біз бұл тақырыпты игеруіміз керек. Мамандарды айтпағанда, ортақ келісім мен нәтижеге келуіміз керек. Неге олай болмасқа «, – деді Тоқаев.
Оның сөзінше, кейбір мәселелер бойынша қосымша келісіп, келіссөз жүргізу керек. Ол газ саласына байланысты.
Қазақстан президенті Ресейге ресми сапармен барған. Тоқаев пен Путин осыған дейін екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығы қарсаңында Декларацияға қол қойған.