Путин Украинаға танкі беріп жатқандарға жауап беретінін жеткізді

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға батыс танкілерін беріп жатқанына байланысты, Ресейдің жауабы бар деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, «бронетехникаларды берумен іс бітпейді». Ол бұл жөнінде Сталинград шайқасындағы жеңістің 80 жылдығына арналған жиында білдірді.

Путин «Ресей ұжымдық Батыстың агрессиясына тойтарыс беруге мәжбүр» деді. Ол сонымен бірге елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отырған қандай да бір нацизм идеологиясы жайында айтты. Оның сөзінше, Ресеймен заманауи соғыс басқаша болады.

«Ақылға сыймайтын дүние, бірақ факт: бізді бортында крест белгісі бар немістің «Леопард» танкілерімен қорқытып жатыр. Олар Украина жерінде бандералықтардың қолымен Ресеймен тағы соғысқысы келеді», — деді Путин.

Осыған дейін Путин Украинада «арнайы операция арқылы денацификация жүргіземіз» деп мәлімдеген. Бірақ «денацификация» терминінің астарында не тұрғанын түсіндірмеді. Украинаға көмектесіп жатқан Батыс елдері қазіргі жағдайды Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстыруға мүлдем келмейтінін, дәл қазір Кремль агрессор рөлінде шабуыл жасап жатқанын мәлімдеп келеді.

Қаңтар айында АҚШ Украинаға 31 «Абрамс» танкісін беретінін, Германия 14 «Леопард» танкісін беретінін мәлімдеген. Берлин сонымен бірге батыстың өзге елдеріне немістер өндірген «Леопард» танкілерін беруге рұқсат еткен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий