Фото: azattyq.com
Кездесуде Кант қаласында ресейлік әскери базаны кеңейту мәселесі талқыланбаған — мемлекет басшылары қырғыз әскерін нығайту және қару-жарақ жеткізу мәселелерін қараған. Атамбаевтың айтуынша, Ресей Қырғызстан қарулы күштерін нығайтуға көмектескісі келеді. Путин Кант қаласындағы ресейлік базаның пайда болу тарихын еске салып өтті.
«Ол қырғыз басшылығының сұрауымен 1999-2000 жылдары пайда болды. Сол кезде Қырғызстан халықаралық террористердің шабуылдарына тап болды, олар мұнда Ауғанстаннан келген еді. Сол кезде Қырғызстан басшылығы менен тез арада әскери контингент орналастыруымды сұрады», — деді ол.
Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Қырғызстан өтінішімен базаны алып кетуге дайын.
«Қырғызстан қарулы күштерін жеткілікті деңгейде нығайттық, база енді қажет емес дейтін болса, онда біз сол күні кетеміз», — деді Ресей басшысы.