Пяндж өзенінің ауған сағасына жақын маңда тәжік сарбазының мәйіті табылды

6 шілдеде таңертең Ауғанстанның Шикай Дарваз ауданында Пяндж өзенінің жағалауында тәжік әскери формасын киген бір жігіттің мәйіті табылды. Оның кеудесіне үш оқ тиген.

Тәжікстан Дарваз ауданының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі осындай оқиға болғанын растады, бірақ табылған жігіттің кім екенін білмейтінін хабарлады.

Шикай уезінің әкімшілік орталығы — Джорф ауылының бірнеше тұрғыны мәйітті өзеннен шығарып, оны Нусай уезіне жолдағанын айтты. Куәгерлер қаза болған жігіттің үш жеріне оқ тигенін көрген. Бұл мәліметті басқа да дереккөздер арқылы растау, не болмаса жоққа шығару мүмкін болмай отыр.

23 мамырда Хорог құқық қорғау органдарына жақындығы бар дереккөз Озоди радиосына «Рушанға жақын маңда арнайы қызметтің жеті өкілі жоғалып кеткенін» хабарлаған. Алайда ресми билік бұл туралы ешқандай мәлімет таратпай отыр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий