Далалық жағдайда жаттығу шараларын өткізу үшін әскерлерді біріктірілген тәсілмен 2 шақырымнан 4 шақырым қашықтыққа дейін жететін жауынгерлер мүлдем бейтаныс аймаққа тартылды.
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Шығыс» Өңірлік қолбасшылығы, «Шығыс» сынақ алағында өтіп жатқан «Айбалта-2016» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысты. Аталған жерге бірнеше күн бойы ҚР Қарулы Күштерінің барлық өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері тартылған, деп хабарлайды Zakon.kz, ҚР Қорғаныс министрілігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Далалық жағдайда жаттығу шараларын өткізу үшін әскерлерді біріктірілген тәсілмен 2 шақырымнан 4 шақырым қашықтыққа дейін жететін жауынгерлер мүлдем бейтаныс аймаққа тартылды. Сондай-ақ, «Үшарал» жедел әуежайында жауынгерлік топтар жасақталып, аталған Өңірлік қолбасшылығы «Шығыс» сынақ алаңына шоғырланды.
Бөлімшенің тәжірибелік іс-қимылы барысында тосқауыл-бекеттерде оқшаулаушы-бұғаттайтын шаралар игеріліп, шабуылдау әрекеттері жүргізілді. «Айбалта-2016» оқу-жаттығуының ерекшелігі қыстың күрделі жағдайында барлық бөлімдер мен бөлімшелердің толық қатысуымен жауынгерлердің далалық аймақта жұмыс жасау дағдысын күшейту болып табылады.
Бірыңғай жоспар бойынша жалпыәскерлік бөлімшелердің арнайы тапсырмалары зерделенді. Сонымен қатар, Ми-8, Ми-17, Миг-27, Су-30, Су-27, Су-25 ұшақтарына барлаушы-соққы беруші әрекеттер жүргізіліп, әуе десантшыларын түсіру және де әскерилер шаңғыда өзіне белгісіз аймақта жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелерді алға тарту қимылдары өткізілді.
«Шилка» атты зениттік қондырғы 100 м-ден 1500 м-ге дейінгі биіктікте ұшу жылдамдығы секундына 450 метрге жететін әуе мақсатындағы атысты қамтамасыз етті. Қазіргі заманға сай бұл күнде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу үшін оған қатысушы әскерлер үнемі барлау жұмыстарын жүргізіп, қару-жарақ пен әскери техниканы, жасырыну мен қорғану құралдарын шебер қолдана білуі керек. Бұл жауынгерлерден жоғары белсенділік пен ұйымдастырушылықты, рух пен физикалық күш және тәртіп пен ауызбіршілікті талап етеді.
Жаттығу кезінде құрамның 3000-нан астам әскери қызметшісі, 900-ға жуық әскери және өзге де техника бірлігі, 20 бірлік шабылдаушы әуекемесі және 12 бірлік әскери ұшақ жұмылдырылды.
Одан бөлек, әскери қызметшілер барлық бөлімшелерді белгіленген аудандарға іс-жүзінде шығарып, жедел тапсырма аясында мемлекеттік шекараны күзетуді күшейту бойынша оқыту мәселелерін пысықтады.
Бұрын соңды болмаған ірі оқу-жаттығуға ауа-райының қолайсыздығына, қыстың қытымырлығына қарамастан табандылық пен төзімділік таныта білген барлығы 5 мыңға жуық әскери қызметші жұмылдырылғанын естеріңізге сала кетейік. Осы кезең аралығында барлығы 1 500-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік әуе техника тартылып, іс-қимылдардың реттілігін және жаттығудың түпкі ойын жүзеге асыруы жетілдірілді.
Ең ірі жаттығу қимылдарына өңірлік қолбасшылық басқармасы органдары мен Аэроұтқыр әскерлері, Әскери әуе күштерінің, аймақтық қорғаныс және бригада басқармасының жедел топтары, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің өкілдері және де ІІМ ұлттық ұландар тартылды.
«Айбалта-2016» ең ірі оқу-жаттығуы тұңғыш рет ұрыс кезеңіне барынша жақындатылған жағдайда өткізілген.