Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасы назарларыңызға 2017 жылғы Қазақстан қалаларының Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.
Естеріңізге салсақ, биыл мұсылмандар 27-ші мамырдан бастап 25-ші маусымға дейін 29 күн ауыз бекітеді.
Төралқа мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, бұған дейін ол 200 теңгеден аспаған еді.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.