Рамзан Қадыров өзінің биліктегі уақыты өтіп кеткенін айтты

Ресейдің Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Кадыров ел президенті Владимир Путиннен өзін алмастыра алатын лайықты кадр табуды сұрады.

Бұл туралы «Вести. Ru» дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

«Егер шынымды айтсам, мен осы кезге дейін  қолымнан келгенін істедім. Менің атымды менің халқыма қарсы қоюға пайдаланбас үшін мемлекет басшылығына басқа адамды табу керек», – деп мәлімдеді ол.

РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, Қадыров сөзінде сондай-ақ өзінің уақыты өткенін, Шешенстанды басқарып кете алатындай лайықты ізбасарлары мен өте жақсы мамандардың бар екенін атап өткен.

«Бұл – шыңы. Бұл – Қадыров үшін шың»,  — деген өз сөзінде республика басшысы.

Рамзан Кадыров Шешенстан билігінен кететінін бұдан бірнеше күн бұрын мәлімдеп қойған болатын.

 


 

Без рубрики
Комментарий (0)
Добавить комментарий