Ресей Қырғызстандағы әскери базада ПВО орнатуы мүмкін

Ресей Қырғызстандағы әскери базасында әуе қорғанысы жүйесін орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Николай Панков РИА Новости агенттігіне хабарлады.

Панков Мемлекеттік думада Ресей мен Қырғызстан арасында ресейлік әскери базаның қырғыз аумағында орналасу шарттары мен мәртебесі туралы хаттаманы ратификациялау кезінде баяндама жасады.

«Ресей әскери базасында ПВО орнатылады. Бұған қоса «Кант» әуежайы инфрақұрылымының нысандары жөнделеді» деді Панков.

2019 жылы желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаға Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасы туралы келісімге енгізілген өзгерту туралы хаттаманы мақұлдауға ұсынды. Жаңа құжатта ұшқышсыз басқарылатын ұшақ бөлімін база құрамына енгізу қарастырылған.

Қырғызстанда жалғыз ғана шетел әскери базасы бар. Ол Ресейге тиесілі. 2014 жылға дейін Бішкек маңында АҚШ-тың «Манас» әуе базасы жұмыс істеген.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий