Ресей әскері тәжік-ауған шекарасына жаттығуға келді

Ресейдің Тәжікстанда орналасқан 201- әскери базасының жауынгерлері Ауғанстанмен шектесетін аймаққа әскери жаттығуға қатысу үшін барды. Жаттығуға 2700 сарбаз бен офицер қатысып, әскери техника тартылғаны хабарланды.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) кіретін мемлекеттердің кезекті әскери жаттығуы осы тәжік-ауған шекарасында өтеді.

Ресейлік 201-базаның әскерлері Душанбе және Бохтартағы казармадан шығып, Ауғанстанмен шектесетін «Харб-Майдон» және «Момирак» әскери полигондарына барған.

ҰҚШҰ-ның әскери күштері 10 қазаннан 23 қазанға дейін осы аймақта үш бірдей әскери жаттығу өткізеді.

Осының алдында «Харб-Майдон» полигонында Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның әскери күштерінің бірлескен жаттығуы өткен.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий