Ресей 47 мыңға жуық қырғыз азаматын «қара тізімнен» шығарды

Қырғызстанның 47 мыңға жуық азаматы Ресейдің «қара тізімінен» шығарылды. Федерация бұл тізіге ауыр қылмыс жасаған, заңды өрескел бұзған азаматтарды кіргізген.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, федерация аумағында «ұсақ» әкімшілік әрекет жасаған азаматтар Ресей аумағына қайта кіруге рұқсат алды. Министрлік мұндай шешімді 2022 жылғы мамырда жоғары деңгейде өткен келіссөздер нәтижесі деп атады.

Дегенмен, Ресейдің ел аумағына кіруге тыйым салынғандар тізімінде Қырғызстанның әлі 35 мыңға жуық азаматы бар. Олардың біразы Ресейден сот шешімімен шығарылған.

Азаматтар Ресейдің «қара тізімінде» бар-жоғын Ресей ІІМ Миграция мәселелері жөніндегі бас басқармасының ресми сайтынан біле алады, деп хабарлайды Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі.

Ресми мәлімет бойынша, Қырғызстанның 1 млн 118 мың азаматы шетелде жұмыс істейді, соны миллионға жуығы Ресейде жүр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий