Ауғанстанның Хайратон қаласында уақытша істеп жатқан Мазари-Шарифтегі Ресей консулдығының дипломаттары Өзбекстанға көшірілді. Бұл туралы «Интерфакс» Өзбекстан СІМ өкілі Юсуп Кабулжановқа сілтеме жасап хабарлады.
Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов хабарлағандай, Мазари-Шарифтегі бас консулдық уақытша жабылған, себебі ол қалада және айналасындағы ахуал тыныш емес. Дипломаттар азаматтарды Хайратон қаласында қабылдап жатқан.
Жирновтың айтуынша, «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның бірқатар жерлерін басып алғанына қарамастан, бірде-бір ірі қала, оның ішінде Мазари-Шариф содырлардың бақылауына өткен жоқ.
Мазари-Шариф – Ауғанстандағы төртінші ірі қала. Балх провинциясының солтүстік бөлігінде жайғасқан және Ауғанстанның Термез қаласынан 58 шақырым қашықтықта орналасқан.
«Талибан» қозғалысы 9 шілдеде Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Орталық Азия елдерінің шекарасына тиіспейтінін айтқан.