Ресей Орталық банкі Батыс елдерінің санкцияларына байланысты жаңа ереже енгізді.
Банктерге азаматтарға қолма-қол валюта сатуға тыйым салды. Азаматтар есеп-шоттарынан 10 мың долларға дейін ғана ала алады.
Бұл шектеу мерзімі әзірге 9 наурыздан 9 қыркүйекке дейін делінген.
Орталық банк мәліметінше, тұтынушылардың есеп-шоттарындағы ақша сақталады. Тек беруге ғана шектеу қойылған. «Банктер шектеу енгізілген мерзімге дейін азаматтарға қолма-қол ақша сатпайды», — делінген хабарламада. Ал валютаны рубльге кез-келген уақытта айырбастауға болады.
Сейсенбі күні АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкция салды. Атап айтқанда, мұнай импортына тыйым салды. Сол күні ірі корпорациялар Ресейдегі жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.