Беларусь қарулы күштері Ресейден ядролық зымыран ұшыра алатын «Ескендір-М» кешенін алды.
Беларусь шабуыл авиациясындағы ұшақтардың бір бөлігі ядролық соққы жасау мүмкіндігіне ие болды. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, «3 сәуірден бастап Ресейдегі полигондарындың бірінше Беларусь мамандарын оқыту басталды».
Ядролық тактикалық қаруды Беларусь аумағына орналастыратынын Ресей президенті Владимир Путин наурыздың аяғында жариялады. Бұның себебін ол Беларусь басшылығының өтінішімен түсіндірді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко әскерге ядролық оқтұмсықтар орналасқан аудандарды қалпына келтіруді тапсырды. Ол Путинмен Беларусьқа стратегиялық ядролық қару орналастыруға келісуге дайын екенін мәлімдеді. «Ресей ыдырайтынын оның басшылығы түсінген жағдайда ядролық қару қолданылады», деп мәлімдеді Лукашенко. Соған байланысты ол Украина қарулы күштерінің қарымта шабуыл жоспарын «аса қауіпті» деп атады.
Украина билігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиналысын шақыруды талап етті. ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ядролық қару Беларусьқа орналасатын болса, Еуроодақ Минск мен Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа түрлерін енгізеді деп мәлімдеді.