Ресей билігіне Мәскеу полициясының қырғыз азаматын соққыға жығуына байланысты нота жолданды (видео)

Қырғызстанның Мәскеудегі елшілігі Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, Ішкі істер министрлігі мен Бас тергеу басқармасына полиция қызметкерлерінің қырғыз азаматын соққыға жығуына байланысты арызданды.

Елшілік үндеулерінде оқиғаның әділ тергелуін, полиция қызметкерлерінің әрекетіне заң тұрғысында баға берілуін сұраған.

«Қырғызстан азаматының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жұмыс жасалып жатыр», — деп хабарлады елшілік.

3 қарашада блогер Ринат Усупбаев видео жариялап, онда полиция қызметкерлерінің қырғыз азаматын соққыға жыққанын айтты. Ролик авторы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінен Ресей елшілігіне наразылық нотасын жолдауын талап етті.

Видеода бір ер азаматты ұстауға әрекеттенген полиция қызметкерлері оның бетінен ұрып, тізелерімен басқан. Көшеде өтіп бара жатқандар полиция әрекетіне шамданып, олардан күш қолданбауын сұраған.

Қырғызстан елшілігі бұл оқиғаның 2 қарашада Мәскеуде болғанын анықтады. 21 жастағы қырғыз азаматы ұсталған. Оны ұстау себебі айтылмады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий