Ресей мен Қытай интернетті бақылауда ұстау тәжірибесімен бөліскен

«Роскомнадзор» мен Қытайдың киберәкімшілігі 2017 жылдан бері интернетті қалай бақылауға алғаны туралы тәжірибе алмасты. Бұл туралы «Система» жобасы тараптардың жабық отырысының хаттамасына сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Система» мәліметінше, жабық отырыстардың бірі 2017 жылғы маусымда Қытай басшысы Си Цзиньпин Мәскеуге келген уақытта өткен. Ресей жағы ҚХР билігінің БАҚ пен блогерлер қызметіне бақылау орнату механизмі, сонымен бірге Қытайдың «Алтын қалқан» құрылғысы қызықтырған. Қытай фаервол көмегімен интернет-трафикке цензура жүргізіп отыр.

2019 жылғы 17 шілдеде Мәскеуде тараптар тағы бір жабық жиналыс өткізген. Telegram бұғаттай алмаған Ресей жағы Қытайдан «тыйым салынған контетті» бұғаттау үшін жасанды интеллект қолданған-қолданбағанын білгісі келген. 2019 жылғы қазанда тараптар интернеттегі тыйым салынған ақпараттармен күрес жөнінде келісімге отырған. «Система» Ресей билігі ҚХР сұрауымен кем дегенде үш рет контент бұғаттағанын білген.

Си Цзиньпиннің 2023 жылғы наурызда Мәскеуге сапарынан кейін Ресей астанасына киберқауіппен күресетін қытай мамандары — барлығы 41 адам келгені мәлім болды. БАҚ мәліметінше, Қытай мен Ресей мамандары «YouTube платформасын толық бұғаттаудың техникалық жол картасын» дайындайды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий