Ресей шетел азаматтарын депортациялауға тиісті себептерді көбейтіп жатыр

Ресейдің ішкі істер министрлігі (ІІМ) әкімшілік тәртіп, оның ішінде қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматтарын депортациялауды ұсынды.

Бұл ұсыныстарды елдің Әкімшілік құқық бұзулар жөніндегі кодексіне енгізуді сұраған.

2021 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге жұмыс істеуге барған шетел азаматтары 30 күн ішінде медициналық тексеруден өтіп, оның ішінде саусақ іздерін тапсырып, суретке түсіп тиісті мекемеге өткізуге міндетті.

Былтыр желтоқсан айында Ресейден тәртіпсіздікке қатысты деген айыппен 400 мигрант депортацияланды. Оларға Ресейге 40 жылға кіруге тыйым салынған.

Ресей ІІМ Босқындар мәселесі бойынша бөлім басшысы Татьяна Дмитриеваның айтуынша, Мәскеуде қазір миллионға жуық мигрант бар. Жалпы 2021 жылдың аяғына қарай Ресейде жеті миллионға жуық шетелдік тұрған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий