Ресей СІМ: Ресей мен Украина екі рет тұтқын алмасты

Бұл туралы Ресейдің СІМ ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.

«Ресейдің қорғаныс министрлігі күн сайын гуманитарлық дәліздерді ұйымдастырып, тұрғындарды эвакуациялауға жол ашып жатыр. Бұдан бөлек Ресей мен Украина екі рет тұтқын алмасты», – деді ол. Мәскеу тұтқындарды қашан алмасқанын, адам саны қанша екенін айтпады.

Украина тұтқын алмасу болғанын теріске шығарды.

Өткен аптада Ресей мен Украина бірінші рет тұтқын алмасқанын хабарлаған. Биресми мәліметке қарағанда, он орыс әскері Мелитополь қаласының мэрі Иван Фёдоровқа алмастырылған. Алмасу ресми түрде болғаны айтылған емес.

21 наурызда Ресейдің омбудсмені Татьяна Москалькова Мәскеу халықаралық Қызыл Крест ұйымына 500-ден астам украин тұтқыны жөнінде мәлімет бергенін айтқан.

Украина вице-премьері Ирина Верещук украин тарапта 562 ресейлік тұтқын бар екенін хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий