Ресей ЖОО Украинада қайтыс болған әскерилердің балаларын емтихансыз қабылдайды

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы «арнайы операция» кезінде қаза тапқан орыс әскерилерінің балаларына мемлекеттік көмек жөнінде жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Онда Украинада «арнайы операцияға» қатысқан әскери қызметкерлердің балаларына жоғары оқу орындарына бөлінетін квотаның 10% беріледі делінген.

Украинада қайтыс болған және жараланған әскерилердің балалары кез келген жоғары оқу орындарына емтихансыз қабылданбақ.

Путин бұл жөнінде Мәскеуде Қызыл алаңда өткен парад кезінде мәлімдеді.

Наурыз айының басында Путин Украинада қайтыс болған әскерилердің отбасына 7,4 млн рубльден (107 мың доллар) беріледі деген. Қосымша қайтыс болған сарбаздардың отбасына 5 млн рубльден (72 мың доллар) төленеді деп мәлімдеді ол.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий