Ресейде Қара-Мурзаның үстінен саяси тұтқындарды қолдағаны үшін іс қозғалды

Ресейлік оппозиционер әрі журналист Владимир Қара-Мурзаның үстінен саяси тұтқындарды қолдау акциясына қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Прохоров хабарлады.

Оның айтуынша, Қара-Мурза 2021 жылғы 27 қазанда Мәскеудегі Сахаров орталығында Free Russia Foundation қаражатымен ресейлік саяси тұтқындарды қолдау жөнінде конференция өткізгені үшін айып тағылды.

Саясаткерге қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалғаны шілде айының аяғында ғана мәлім болған. Іс 13 шілдеде ашылған. Алайда іс мазмұны мен нақты қандай ұйым қызметіне қатысқаны үшін айып тағылғаны белгісіз болып келді.

Адвокаттың хабарлауынша, бұл жолы тергеуші сәуірдің аяғынан бері тергеу изоляторында отырған Қара-Мурзаға өзі барған. Бұның алдында оппозициялық саясаткер Ресей Қарулы күштері туралы жалған мәлімет тарады деген айыппен қамауға алынған еді.

Қара-Мурза Ресейде армия туралы фейк таратты деген айыппен қудалауға ұшыраған алғашқылардың бірі болды.

Бұның алдында Қара-Мурза басқа да ресейлік оппозиционерлермен және қоғам қайраткерлерімен бірге Соғысқа қарсы комитет құрған. Комитет мүшелері әлемдік қауымдастықтан Украинаға соғыс ашқан Ресейдің саяси басшыларын «әскери қылмыскер» деп жариялауын сұраған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий