Ресейде алты тәжік азаматына қылмыстық іс қозғалды

Санкт-Петербургта Орталық Азия азаматтарының арасында болған жаппай төбелестен кейін алты тәжікстандыққа «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар қамауға алынды.

Ресейлік басылымдар хабарлағандай, төбелес Санкт-Петербургтің Приморский ауданында болған. Себебі айтылмады. Бұл арада бірқатар БАҚ жаппай тәртіпсіздікке жүздеген адам қатысқанын, бірқатары суық қарумен қаруланғанын жазды.

Полиция 45 адамның қамалғанын, 130 шетелдік азаматтың құжаты тексеріліп, олардың бірқатарына жалған құжат жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалған алты тәжікстандық құрылыс компаниялардың бірінде істейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий