Ресейде басталған өрт Қазақстанның табиғи қорығына өтті

Қазақстанның Абай облысында мың гектардан астам орманды алқап өртеніп жатыр деп хабарлайды жергілікті билік.

Өрт 22 мамырда Ресей аумағында құрғақ шөп өртеніп басталған. Енді тілсіз жау Абай облысының «Семей орманы» аумағына өтті.

— Қатты желден өрт шарпып бара жатыр. Сондықтан көрші аудандардың қосымша техникаларын сұраттық, — дейді Абай облысы орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы Мақсат Елемесов.

Төтенше жағдай департаменті жергілікті елді-мекенге қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

Елдің төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб ұйымдастырған. Қосымша құрал-жабдықтар жұмылдырылған.

Өртті сөндіруге тікұшақтар қолданылып жатыр.

Былтыр солтүстік өңірде маусым айында өрт шығып, 250 гектар жерді шарпыған. 2021 жылы Риддер қаласында болған өрт орманның 300 гектарын жойып, ондаған отбасы үйінен айырылған. Бір адам қайтыс болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий