Ресейде есірткіге қатысты ән айтатын рэперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Ресей думасының денсаулықты қорғау комитеті есірткі насихатына тыйым салу және ол үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынды.

Заң жобасын талқылау барысында ІІМ орынбасары Игорь Зубов есірткіге қатысты ән айтқан рэперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп ескертті.

«Есірткі тақырыбына қатысты ән айтатын рэперлермен әкімшілік жауапкершілік деңгейінде әңгімелесу жүргізуге тура келеді. Егер олар бұл тақырыпта жалғастыра берсе, түрмеге отырғызуға тура келеді. Бұл тек 2024 жылдан бастап», — деді Зубов.

Заң жобасы қабылданған жағдайда, шығармаларды немесе экрандарда титрлерді арнайы белгілеп, жасыруы тиіс. Бірақ мұның ғылыми еңбектерге, әдебиет және өнерге қатысы жоқ делінеді.

Интернетті пайдаланып, есірткіні жарнамалағандардың жазасы күшеймек. Осыған дейін айыппұл салынса, енді түзету жұмыстарына жегіледі және екі жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін.

Заң жобасы қабылданса, өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий