Ресейде GM Uzbekistan экс-бас директоры банкротқа ұшырады

Ресейдің Воронеж облысындағы төрелік соты танымал өзбек кәсіпкері Тохиржон Жалиловты тақырға отырды деп таныды.

«Комерсантъ» газетінің хабарлауынша, өзбек-америкалық GM Uzbekistan автоконцернінің бұрынғы бас директоры Тохиржон Жалилов Uz-Daewoo желісінің Воронеждегі бөлімін басқарған, бірнеше автосалонға иелік еткен.

Басылым мәліметіне қарағанда, Жалилов компаниясы «Возрождение» банкіне 502,99 млн рубль (шамамен 7,8 миллион доллар) қарыз болып қалған. Кәсіпкерді банкрот деп тану туралы арыз 2019 жылы наурызда тапсырылған. Кәсіпкердің банкротқа ұшырауының салдарын сот 2020 жылы 18 мамырда қарайды.

Еске салайық, Өзбекстанда 50 жастағы Тохиржон Жалилов жемқорлық жасады деген күдікпен қамауда отырып шықты. 2017 жылы оған тағылған айыптардың барлығы алып тасталып, кәсіпкер бостандыққа шықты.

centralasian.org

Комментарий (0)
Добавить комментарий