Ресейде кеткен Cisco компаниясы 13 млн доллардың құрылғысын жойды

Биылғы жылдың басында Ресейден кеткен американың Cisco компаниясы 13,5 млн доллардың құрылғысын жойды.

Бұл компанияның есебінде жазылған деп хабарлайды ТАСС.

Cisco бұдан бөлек 12,5 мың долларға бағаланған көлік құрылғыларын, кеңсе жиһаздары мен техниканы жойған.

Компания заттарын жою туралы шешім 2022 жылдың тамыз айында қабылданған. Бұл компанияның Ресейде лицензиясының тоқтауымен байланысты. Компания құрылғылардың бәрін өзімен бірге алып өтпек болды, бірақ рұқсат ала алмады.

Йель университетінің мәліметінше, Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін мыңға жуық шетел компаниясы бұл елден кетті. Олардың арасында Estee Lauder Companies, McDonald’s, Starbucks, Coca-Cola, Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka, Marks & Spencer, Mango, H&M секілді танымал бренд компаниялар бар.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий