Ресейде «Листвяжная» шахтасы қожайындарының бірі Михаил Федяев ұсталды

Шахта «Листвяжная» в городе Белове Кемеровской области

Ресейдің тергеу комитеті Кемерово облысында «Листвяжная» шахтасында кеншілер өліміне қатысты іс бойынша «СДС-Уголь» холдингінің басшылары ұсталғанын хабарлады.

Олардың арасында шахтаның басты қожайыны, «Сібір іскер одағының» төрағасы Михаил Федяев, холдингтің бас және техникалық директорлары Геннадий Алексеев пен Антон Якутов, сонымен бірге бас инженер Анатолий Лобанов бар.

Ұсталғандарға кісі өліміне себеп болған өндіріс қауіпсіздігі талаптарын бұзды, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыптар тағылған.

2 желтоқсанда президент Владимир Путин қатысқан жиналыста шахта қожайындары кеншілердің қазасы үшін жаза тартуға әзір екендерін мәлімдеген.

25 қарашада «Листвяжная» шахтасында апат болып, 51 адам қаза тапты. Шахтада метан жарылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий