Ресейде мұсылман қоғамы Путинге үндеу жолдады (видео)

Мәскеу облысы Котельники қалалық округының мұсылман қоғамы Ресей президенті Владимир Путинға видео арқылы үндеу жолдап, жұма кезінде ОМОН-дардан қуғын көретінін айтып, көмек сұраған.

Үндеуде өткен аптада жұма намаз кезінде намаз оқитын үйге полиция қызметкерлері басып кіргені айтылған.

«ОМОН-дар жұма намазын бұзды, ғимаратқа улы газ таратып, адамдарға электрошокер қолданды», — дейді видео үндеудегі мұсылман қоғамының өкілдері. Олар президенттен бұл іске тікелей араласып, жұма намазды бұзғандарға қатаң жаза қолдануды сұрайды.

Ал жергілікті полиция қызметкерлері болса, рейд жүргізілгенін, онда ондаған ресми тіркелмеген шетел азаматының ұсталғанын мәлімдеді.

Мұсылман қоғамы бұл әркет ұлтаралық және діниаралық бейбітшілік пен келісімді бұзып жатыр деп санайды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий